ы
Стихотворения про желудок
О сайте

Остеопороз latin

Самое лучшее
Публикации
Остеопороз latin
|| 29 January 2015, 23:18

in Руханият Уақыты: 2011-08-02 707 қаралған

Бұрын қазақтардың өмір сүру ортасы, мәдениеті мүлде бөлек болатын. Қазіргідей, шаң мен газ басқан қалада тұрған жоқ, даланы, табиғат аясын мекен етті. Олар суыққа да, ыстыққа да шыдамды болады. Ол үшін, әрине, энергия қажет. Сол энергияның негізін олар етті, майлы тамақтан алып отырды. Бірақ үнемі қозғалыста жүретін олардың ағзасында бұл ауыр тамақтар тез қорытылып кететін.

Қазіргі жағдай мүлде бөлек. Басқаша айтқанда, жаңа өмірге бейімделіп жатырмыз.  Яғни өмір сүру ортамыз энергияны аз жұмсауға негізделген. Қимыл-қозғалысымыз азайды, артық энергияны қажет етпейтін болдық. Бала күнімізде әжелеріміз «аталарың бір қойдың етін жалғыз өзі жейтін» деп ұрсатын. Соның сыры, міне, осында. Қаншалықты энергияны көп жұмсасаң, тәбетің соншалықты ашылады.

Сонымен, отырықшылыққа көшумен қазақ халқының тұрмыс-салты өзгерді. Қимыл-қозғалыстың азаюынан семіздік дерті белең алды. Оның тигізетін зардабы өте көп. Қан тамырлар бітеліп, қан қысымы жоғарылайды. Қатерлі ісік, жүрек-қантамыр аурулары, қан диабеті көбейіп жатыр. Семіздікпен бірге инфекциялы аурулар созылмалы сырқаттар да келді.

Ата-бабамыз етті көп жеген, деп, етті артығымен жеу, дәрумендердің жетіспеушілігіне әкеледі. Ол өз кезегінде ағзаның қорғаныс қабілетін әлсіретеді.  Жалпы дұрыс тамақтанбау – қоғамдағы аурулардың 60 пайызының негізгі себебі болып табылады.

Халықтың денсаулығының төмендеуі ұлттық сана мен дәстүрдің  бұзылуына тікелей байланысты. Бұл ғылым мойындаған тұжырымдар. Осының салдарынан – қазақы кеңдік, ауқымды ойлау, кеңпейілділік жоғалады. Екіншіден, қанмен бірге қалыптасқан имандылық бұзылады.   Ұлтымыз тазалыққа, денсаулыққа, бауырмалдылыққа, туыстық қарым-қатынасқа, меймандостыққа, адамгершілікке өте қатты мән берген.

Кеңес одағы бізді қалай тамақтануға үйретті. «Алдымен салат же, одан соң сұйық тамақ, кейіннен қою тамақ, ең соңынан шәй, компот іш» деді. Одақ бойынша барлық асхана, мейрамханалар міне осы тәртіпті ұстанды және әлі күнге бұлжытпай орындап келеді. Бұл тамақтанудың ең қате түрі. Салат асқазанда сілтілік ортаны қалыптастыратын нәрсе. Асқазан сөлі салаттан кейін ет сияқты қою тамақтарды қорытуға шамасы келмейді. Қорытылмаған астың бәрі асқазанда жатып қалады да түрлі аурулар пайда болады. Ет жеген соң газды минералды су ішу өте үлкен қателік. Газдалған су асқазандағы еттің сыртына айнала жабысып алады да оның қорытылуына бөгет жасайды. Осыдан барып, панкреатит, қарын асты безінің ауруы пайда болады. Ет пен қамырды араластырып жеу денсаулыққа өте зиян. Бұл екеуін қосып пайдалануға болмайды. Қамыр араласқан ет дұрыс қорытылмайды. Қазақ бұрын етті қамырсыз жеген.

Шетелдік зерттеуші-дәрігерлер еттің ішіндегі пайдалысы – жылқының еті екендігін, жылқы майының адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейтіндігін зерттеп біледі. Олар жылқы етінің 17 түрлі ауруға ем болатындығын мойындады. Париж дәріханаларында қазылар 100-150 граммнан рецепт арқылы сатылуда. Қазір Германия, Франция өздері қымыз өндіруге кірісті.

“Кока-кола”, “Пепсикола”,  «Спрайт»… сынды газдалған сусындар денсаулыққа зиян. Аса қауіпті. Құрамы толған көмірсутегі.  Олар семіздікке әкеледі, өзге де түрлі сырқаттарға душар етеді. Кока-кола кока ағашының шырынынан жасалатын сусын. Ал сол кока ағашынан кокаин жасалады. Ал, енді зиянын шамалай беріңіз. Сусынды тәтті қылу үшін 30 пайыз қант қосады. Оның үстіне әкеліп газ қосады. Ал жастар болса, тәттілігіне қызығып, дәміне сүйсініп ішіп жатыр. Денсаулықтарын құртып жатыр. Бұл сусындар тік ішектегі, жатырдағы қатерлі ісікті тудырады. Ми жүйесінің қабылдағыштық қасиетін төмендетеді. Кальцийдің ағзаға сіңуіне кедергі келтіріп, сүйектердің бітуіне, жетілуіне кері әсер етеді. Кальций жетіспегендіктен остеопотроз сырқаты бел алып, сүйек сынғыш келеді.

Жалпы, сырттан келетін  сусындарға  мұқият болған жөн. Олар баланың тәбет ашатын гармондарын, тойыну гармондарын тежейді. Дәмін татқан соң іше бергісі келеді. Кәдімгі «наркотиктің» бір түрі сияқты. Кокаколаны көп ішкен баланың бойында кальций жетіспегендіктен аяғы қисық өседі. Оны «Остеопороз» дейді. Сосын оның құрамына фосфор қышқылы, «бензоат натрий» қосылғандықтан олар қажетті калцийді сорғызбайды. Әрі «гипертония», жүректің ишемиялық аурулары, семіру, қант диабеті пайда болады. Ең сұмдығы қазір бұл сусындардан ішектің қатерлі ісігі шығып жатыр.

Жапондар шетелге шыққанда өздерінің ұлттық тағамдарын алып жүреді. Сөйтіп, ұлтының денсаулығын сақтап отыр. Сіз Қытайға барсаңыз, солардың тамағын тұтынасыз. АҚШ-қа барсаңыз, америкалық өнімге асқазаныңызды үйретесіз. Ұлттык тілі – рухани категория болса, ұлттың  тағамы да – биологиялық категория болып табылады. Африкалықтар еш уақыт сүт ішпейді, олардың ағзалары оны қабылдамайды, эскимостар қант жемейді. Бұл олардың ұлттық биологиялық ерекшеліктері. Мәселен, қазақ өзі жаралған топырақта өскен шөпке семірген малдың сүтін ішіп, етін жесе, асқазанына майдай жағады. Жаратқан жоқты тап демейді, әр адамның керектісін  өз ортасынан табылатын етіп реттеп қойған! Мәселе қайда жатыр!?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: http://www.namys.kz/?p=5120